Тіліміз - тарихымыздың терең тамыры, мәңгілік ел болудың басты тірегі. Бүгінгі таңда Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері өз ана тілін сақтап, мемлекеттік тілді меңгеріп, бірлікте өмір сүріп келеді. Бұл - біздің ортақ байлығымыз бен мақтанышымыз.
Осы мерекеде әрбіріңізге зор денсаулық, бақ-береке, татулық пен толағай табыстар тілейміз! Қазақ тілінің мәртебесі асқақтап, елімізде ана тілімізге деген құрмет арта берсін!