"Шұғыла" бөбекжайында 2022-2023 оқу жылының қорытынды педагогикалық кеңесі өткізіліп ,онда оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға талдау жасалынып, жаңа бағдарламаны меңгертуде бөбектерімізге тиімді заттық- кеңістіктік дамытушы ортада баланың өз бетінше үйрену қабілетін дамытуға оң ықпал ететін жабдықтарды толықтыру жайында ұсыныстар айтылып,пікірлесті.Жыл бойы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жеткен жетістіктеріне баға беріліп, сонымен қатар ата-аналармен бірлескен жұмыстардың нәтижесі де есептелінді. Бөбекжай бойынша "Үздік тәрбиеші" атағы "Пчелка" тобының тәрбиешісі Бондаренко Галина Николаевнаға берілді . Жазғы сауықтыру мен шынықтыру шараларының жұмыс жоспары жасалынып ,ұсыныс-тар енгізіліп ,бекітуге ұсынылды.Пед кеңес соңы педагогтарға арналған психологиялық тренингпен аяқталды.